Ресейлік нөмірлі көліктерді тоқтатпайды

55

Қазақстанда ресейлік нөмірмен жүрген көліктерді соңғы күндері жол полициясы жиі тоқтатып, тексеруді күшейткен. Тіпті темір тұлпар иелеріне айыппұл салып, көліктің өзін айып тұрағына алып кеткен жағдайлар көбейе бастаған.

Осыған байланысты айтулы көлік иелері шағым айтып, бірнеше аймақта шерулеткен болатын. Салынатын айыппұлды айыптағандардың үні, тиісті құлақтарға жеткен сыңайлы.

Бүгін елімізде ресейлік нөмірі бар автокөліктерді тоқтатпайтыны белгілі болды. Мұндай маңызды ақпаратты әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов мәлімдеді.

Серік Түсіпов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары: «Егер полиция қызметкерлері көлікті еш себепсіз тоқтататын болса, «102» қызметіне немесе +7-708-382-13-76, 7172-71-69-77, 7172-67-75-75 нөмірлері бойынша қоңырау шалуға болады».

Гүлдана Дәурен