Шенеуніктің салғырттығынан шаруа 115 млн. шығынға батты

177

Батыс Қазақстанда шенеуніктің салғырттығынан шетелден әкелінген 45 асыл тұқымды ірі қара аурудан өлді.

Сырым ауданында шаруа қожалығының басшысы несиеге 114 бас мал алып келем деп алдын ала ветеринарлық инспекцияға ескерткен. Әкелген соң мекеме басшысы құжаттарыңыз дұрыс емес деп, малды есепке алмай, шаруаны кері қайтарып жіберген.

Кейін де бірнеше өтінішін жауапсыз қалдырған. Көктемде пандемия басталып кетіп, еш жерде тіркелмеген малға екпе салынбаған. Ақыры тек биыл есепке алынып, ірі қараның бруцеллезге шалдыққаны анықталған. Шаруа 115 млн. теңге шығынға батып отыр.

Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері толық құраммен бір ауыздан шенеунікті атқаратын лауазымынан босату туралы ұсыныс қабылдап, облыстық ветеринарлық инспекцияға жолдады.