Шаруа қожалығының басшылары ер адамды 5 жыл еңбек құлдығында ұстаған

63
фото Закон.кз

Түркістан облысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Өзбекстанның 53 жастағы азаматын бес жылдан астам еңбек құлдығында ұстаған екі шаруа қожалығының басшысын анықтап, ұстады.

Ер адамның төлқұжаты алынып, 2017 жылдан бері ұсақ мал бағуға мәжбүр болған. Оның мал қорада тұрғаны анықталды.

Жұмыстан бас тартқан кезде оған физикалық және психологиялық қысым жасалған. Қылмыстық кодекстің 126-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы  бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Зардап шегуші оңалту және көмек көрсету үшін дағдарыс орталығына жіберілді.