Түркістан облысында 4 адам газдан уланып, қаза тапты. Оқиға ағымдағы жылдың 28 қараша күні сағат 23:00 шамасында Келес ауданы, Ұшқын ауылы, Бейімбет Майлин көшесінде №12 мекенжайдағы үйде орын алған. Алдын-ала мәліметтер бойынша көз жұмғандар 1974 ,1972 жылы туған ағайынды азаматтар және 1964 жылғы азаматша мен 2017 жылы туған сәби.
Ағайындылар бір апта бұрын туған ағаларының қырық күндік асын өткізуге келген екен. Белгілі болғандай, үйде газ жабдығына уақытылы техникалық қызмет көрсету және жұмысқа қабілеттілігін тексеруге келісімшарт жасалмаған. Сала жауаптыларының айтуынша қолдан жасалған жылыту қондырғысын өз бетінше қосқан.
Асанғали Төлепбергенов, Түркістан облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы: «Оқиға орнын көру барысында бұл жерде пеш пайдалану ережелерін бірқатар талаптары сақталмағаны анықталып отыр. Қазіргі таңда осы оқиға бойынша полиция қызметкерлерімен тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалды. Биылғы жылы төрт жағдай орын алып отыр осымен бірге. Жалпы осы қайғылы оқиғалардан 11 адам қаза тауып отыр».
Мөлдір Ибадуллаева