Еңбекші ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында танысы мемлекеттік бағдарлама арқылы ақша шығарып беремін деп, алаяқтық жолмен 500.000 теңгесін алғандығын жазған. Яғни, танысы осы күнге дейін ақшасын қайтармай жүргендіктен, жәбірленуші полицейлерге жүгінген.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша тіркеуге алды. Еңбекші ауданы Полиция басқармасының тергеу бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталды. Тиісті басқармаға жеткізілді. Ол 28 жастағы тұрғын болып шықты. Тексеру амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары осыған ұқсас алаяқтықтың 25 жайтын тіркеген.
Осы орайда, Шымкент қаласының полицейлері тұрғындарға кез-келген мемлекеттік бағдарлама бойынша құжат тапсырар алдын мамандарға жүгінуге кеңес береді. Егер, Сіз, алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, «102» арнасына хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз, қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.