Репродуктивті медицина орталығында жаңа жылдық кеш ұйымдастырылды

101

Бүгін Шымкентте Репродуктивті медицина институты өз клиникасының пациенттері үшін жаңа жылдық шырша мейрамын өткізді. Келе жатқан алдағы мерекемен балалар мен ата-аналарды компания қызметкерлері мен Аяз ата және Ақшақар құттықтады.

Репродуктивті медицина институты балалар мен олардың ата-аналарына жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Аяз Ата және Ақшақармен бірге балалар би билеп, мерекелік әндер айтты.

Бұл бақытты балалар осы клиниканың қабырғасында ЭКҰ процедурасымен дүниеге келді. Мерекелік кешке келген Динара Мұхитова Репродуктивті медицина институтының емделушісі болған. Соның арқасында ол қазір үшемді дүниеге алып келіп, ару қыздардың анасы атанып отыр.

Динара Мұхитова, Үшемнің анасы: «Мен Диана Талгатқызының емделушісі болғанмын 2 жыл бұрын. Құдайға шүкір, қазір 3 нәрестенің анасымын. Осы ИРМ ұжымына рақмет. Бірінші Алланың, сосын осылардың арқасында 3 егіздің анасы болдым. Рақмет барлығына. Бүгін Құдайға шүкір, жаңа жылдық кешке келдік.  2-ші рет келіп тұрмыз. Әр мейрамға шақырып тұрады. Барлығына рақмет».

Қазақстандағы репродуктивті медицина институтына 25 жылдан астам уақыт болды. Онда тәжірибелі дәрігерлер ерлер мен әйелдердің бедеулігін емдейді. Орталықтың басты артықшылығы – мұнда сіз ақ халаттылардан кеңес алып қана қоймай, қажетті сынақтардан өте аласыз. Биыл клиника ЭКҰ бағдарламасының арқасында 25 мың баланың дүниеге келгенін атап өтті.

Диана Есіркепова, РМИ орталығының директоры: «Бүгін біз орталығымызда Жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз және жаңа жыл қарсаңында шағын іс-шара өткізуді ұйғардық. Біз барлық емделушілер мен жүкті әйелдерді жаңа жылдың құрметіне шақырдық. Біздің әрбір емделушіміз үшін бұл, әрине, отбасылық бақыт, ал бақыт, әрине, балаларда. Біздің орталыққа жүгінген барлық ерлі – зайыптылардың осындай бақытқа ие болуы перзенттерінің арқасында».

Репродуктивті медицина институтының Шымкенттегі филиалының жұмыс бастағанына 2 жылға жуық уақыт болды. Осы уақыт ішінде олардың арқасында үшінші мегаполисте 130-дан астам бала дүниеге келген.

Орталық еуропалық клиникалардың тәжірибесі бойынша жұмыс істейді. Институт ашылған күннен бастап оның дәрігерлері 25 мың әйелге ана болу бақытын сыйлады. Орталық, Солтүстік-Шығыс шағынауданы, Ерімбетов көшесі, №302 мекенжайы бойынша орналасқан.

Әлихан Файзханов