«Меха России» Шымкенттегі тон жәрмеңкесін жалғастырады. 25-31 желтоқсан аралығында сіздерді жаңа жылдық акциялар мен жеңілдіктер күтеді.
Жәрмеңкеде қаракүзеннен бастап баргузин бұлғыны, қаракөл елтірі, мутон тондары және керли, астраганның кең таңдауы ұсынылған. Сондай-ақ, сатылымда қаракүзеннен бас киімдері бар.
«Меха России»-дің өнімдері қыз-келіншектер арасында жоғары сұранысқа ие. Құралай Шанисова тондар жәрмеңкесі туралы естіп, бірден сырт киімді таңдауға келіпті. Үміті ақталды, іздегенін премиум қаракүзен тонының «Грекиялық үлгісін» тапты.
Құралай Шанисова, қала тұрғыны: «Өз көзіммен көрейін деп келдім. Еш өкінбедім. Керемет таңдау. Әсіресе, мына қаракүзен тоны маған қатты ұнады. Мүмкіндікті пайдаланып баршаңызды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын. Отбасыларыңызға бақыт. Жаңа Жыл жақсылығымен келсін».
«Меха России» көптеген өтініштер бойынша Шымкенттегі тері тондар жәрмеңкесін жалғастырады. Мұнда қаракқүзеннен бастап баргузин бұлғыны тондарының кең таңдауы ұсынылған. Сыртқы киімдер кез-келген талғамға және түске арналған. Қаракөл елтірі, мутон, керли, астраганның үлгілері ешкімді бей-жай қалдырмайды.
Ксения Бритикова, «Меха России» әкімшісі: «Біз 25-31 желтоқсан аралығында жаңа жылдық жеңілдіктер мен акцияларды іске қосамыз. Ресейлік тондар жәрмеңкесі таңғы 10-нан кешкі 8-ге дейін жұмыс жасайды. Бізде бөліп төлеу, сондай-ақ бас киімдердің таңдауы бар, келіңіздер , біз сіздерді күтеміз».
«Меха России» өнімдерінің жәрмеңкесі Шымкент қаласы Темірлан тас жолы, 19, «Әл Фараби» сауда орталығындағы үйлену салоны жанында өтіп жатыр.