Тәтті сусындарға акциз енгізілетін болды. Қосымша салық 2023 жылдан бастап салынады. Әуелі 15 пайыз кейін 2025 жылға дейін салық көлемі 45 пайызға өседі.
Өйткені Салауатты өсір салтын қалыптасыруға арналған ұлттық жоба мақұлданып отыр. Бұған дейін тәтті сусын өндірушілер бұл бастамаға қарсы шыққан еді. Тіпті бизнесмендердің шығыны артып, 17 мыңдай адамның жұмыссыз қалуы мүмкін екенін айтқан. Әрі өнім бағасы қымбаттайды.
Десе де жауаптылар бұл құрамында қанты бар сусын ішуді азайтады деген пікірде. Өйткені, оларды тұтынудың салдарынан елімізде қант диабеті, семіздік және жүрек қан тамыры аурулары көбейгені айтылған.
Шынар Оразова