Энергетика министрі: «Жанар-жағармай бағасы қымбаттамайды»

80

Жанар-жағармай бағасы көтерілмейді. Өйткені сала министрлігі тиісті шаралар қабылдады. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.

Жобада  мынадай шаралар  көзделген:

– өндірушілердің бензинді, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулар қоспалары мен экологиялық отынды көтерме саудада өткізуіне арналған акциздер мөлшерлемесін 1 тоннасына 24 435 теңгеден 38 134 теңгеге дейін ұлғайту;

– өндірушілердің дизель отынын көтерме саудада өткізуіне арналған акциздер мөлшерлемесін 1 тоннасы үшін 9 300 теңгеден 35 726 теңгеге дейін ұлғайту;

– дизель отынына акциздердің маусымдық өзгеруін болдырмау;

– дизель отынының импортына акциздердің тең мөлшерлемесін белгілеу;

– дизель отынына ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын нақтылау.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрі жанар-жағармайды бөлшек саудада өткізуге шекті бағаны белгіледі, сондықтан жанар-жағармай бағасы көтерілмейді.

Шынар Оразова