ТИІСТІ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

150
«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес отырысы өтті.
Аталған кеңестің төрағасы Бауыржан Шерханұлының төрағалығымен өткен жиында партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасындағы көпбалалы отбасы мен халықтың әлеуметтік осал топтары мен балалар үйінің түлектерін баспанамен қамту шарасы мен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы бойынша тиісті басқармалардың ағымдағы жылдың он айында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының м.а. Жұлдызай Ордабекова сөз алды. Ол бүгінде қалада 46426 азамат тұрғын алу кезегінде тұрғанын, жыл басынан бері баспана кезегіне 5 905 адам тіркелгенін мәлімдеді.
Сонымен қатар ол, ашықтықты қамтамасыз ету үшін кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық электрондық дерекқорының сервисі қолданылатынын атап өтті. Оның сөзінше биыл 976 отбасыны арендалық тұрғын үймен қамту жоспарланған. Есепті мерзім ішінде 682 отбасыға арендалық пәтердің кілті. берілген. Ал кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 1580 пәтер сатып алу көзделген. Бұл үшін бюджеттен 22,5 млрд теңге қаржы бөлінген.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Н.Егембердиев сөз алды. Өз кезегінде ол «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүгедектердің жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау, қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша 259 нысанды бейімдеуден өткізу жоспарланғанын айтты.
Жиын соңында салаға жауапты басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
“Nur Otan” партиясының фракция мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Тореайм Султанова.