Бүлік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындардың несиесі кешіріледі

15

Бүлік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындардың несиесі кешіріледі. Бұған дейін тек күштік құрылым қызметкерлерінің қарызы жабылатыны туралы айтылған болатын. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне қарасты департамент директоры ресми түрде мәлімдеді.Александр Терентьев марқұмдардың тізімі жасалып, жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Александр Терентьев, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі департаментінің директоры: «Тапсырмаға сәйкес тәртіпсіздік кезінде опат болған әскери қызметшілерге берілетін несиелер есептен шығарылады. Дәл осындай шараны агенттік қаза тапқан жеке тұлғаларға қатысты да жасайды. Қазіргі уақытта тізім толықтырылып жатыр».

Шынар Оразова