Былтыр Шымкентте коронавирус жұқтырған 13 жүкті әйел қайтыс болған

128

Коронавирус індеті балалар арасында өршіп тұр. Шымкентте балалар мен жүкті әйелдер қатарында қауіпті инфекциямен сырқаттанғандар саны күн санап өсуде. Жыл басынан бері 1314 бала мен 661 жүкті әйел ковид жұқтырған. Инфекциялық стационарға түскен науқастардың басым бөлігі —  дер кезінде вирусқа қарсы ем алмаған жандар. Айта кетейік, өткен жылы Шымкентте коронавирус жұқтырған 13 жүкті әйел қайтыс болған.

Айгүл Бекбауова, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары: «Өткен жылы Шымкентте 15 ананың өлімі тіркелді. Оның ішінде ковидпен байланысты 13 жағдай бар. Ал бұл әйелдер коронавирустан қайтыс болды. Дегенмен, Коронавирустан қайтыс болған балалар болған жоқ».

Жүкті әйелдерде коронавирустың ауыр өту қаупі басқаларға қарағанда екі есе жоғары. Ал дәрігерлер өз кезегінде болашақ аналарға біраз уақыттан бері вакцина салынып жатқанын ескертеді.

Короновирусты ауыр өткеретіндердің бірі – балалар. «Кішкентай балалардың иммунитеті ауруға қарсы шамадан тыс реакция беретіндіктен, күресудің ең тиімді жолы- вакцинация» дейді ақ халаттылар.

Гүлдана Дәурен