Демалыс күндері Шымкентте ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

96

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы  және ветеринария басқармасының хабарлауынша 22-23 қаңтарда қалада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері  жұмысын жалғастырады.

Қайрат Базарбеков, Шымкент қаласының ауыл-шаруашылығы және ветеринария басқармасындағы азық-түлікпен қамту бөлімінің басшысы: «Сенбі күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі «Қажы Мұқан» стадионы алдында, ал жексенбіде «Рахима-плаза» сауда орталығының жанында ұйымдастырылады».

Шынар Оразова