Үлкен міндеттер жүктеген мәлімдеме болды

162

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-ші қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында Қазақстан халқына жасаған мәлемдемесі ел аузында қызу талқылануда.

Мемлекетіміздің тұтастығын сақтауға бағытталған нақты шаралар мен тапсырмаларды жүзеге асыру әрбіріміздің азаматтық борышымыз,-дейді бастаманы қолдаған жерлестеріміз.

Еліміздегі жағдайды тез арада тұрақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет басшысының тапсырмалары мен үкіметтің қабылдаған шешімдері жергілікті жерлерде орындалуы тиіс. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын» кез туды. Біздің күшіміз бірлікте,- дейді Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясының мүшесі Әйгерім Жұмақұлова.

Әйгерім Жұмақұлова, «Отырар» медиахолдингінің директоры, «Nur Otan» партиясының мүшесі, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты: «Менің ойымша, президент өз сөзінде қоғамда көптен бері айтылып келе жатқан өзекті мәселелерді дәл қозғады. Бұл қалдықтарды жинау және РОП жұмысы және еліміздегі бағаның шарықтауы, инфляция және дәл қазіргі уақытта қызу талқыға түсіп жатқан олигархия тақырыбы. Қасым-Жомарт Кемелұлы өз мәлімдемесінде бірқатар нақты тапсырмалар берді. Бірақ қазір біз үшін ең маңыздысы, президент көтерген мәселелер мен берген тапсырмалар өз деңгейінде, уақтылы орындалуы керек. Себебі, бұған дейін де көшбасшымыз сөйлеген сөздерінде нақты әрекеттерді сөзбе-сөз айтқанымен, оның орындалуы президент қойған талапқа сай келмеген кездері болды. Менің ойымша, үкіметті тарқатуға  себептердің бірі осы  болды. Және  адамдардың көтерілуіне де  сол себеп. Қазіргі басты мәселе, алдағы мақсат президентіміздің берген тапсырмаларын өз деңгейінде орындау».

Президенттің мәлімдемесі баршаға медеу болды. Әрбір саланы қамтыған өзгерістер, жаңашылдықтар өзінен өзі бола қоймайды. Оларды сіз бен біз жүзеге асыруымыз керек. Сонда ғана Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры биік болмақ,- дейді жерлестеріміз.

Шынар Оразова