Тәуелсіз Қазақстанның құрдасы

163

Қазақстан тәуелсіздігіне биыл  – 30 жыл. Жас мемлекетпен ер жетіп, толағай жетістіктерге жеткен жастарымыз Тәуелсіз Қазақстанның құрдасы екендіктерін мақтан тұтады.

Бүгінгі кейіпкеріміз «Отырар» медиахолдингісінің директоры, 7-ші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Әйгерім Жұмағұлова. Жас басшы, халық қалаулысының алар белестері алда.

Әйгерім Жұмағұлова Тәуелсіз Қазақстанның құрдасы екенін мақтан тұтады. Өйткені 30 жылда жас мемлекетпен бірге есейді. 2008 жылы Мағжан Жұмабаев атындағы №39 мектепті тәмамдап, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде білімін жалғастырды.

Еңбек жолын ҚР Премьер министрі жанындағы Коммуникациялар орталығында бастап, ОҚ облыс әкімі аппараты, Шымкент қаласы әкімінің аппараты баспасөз кеңесшісінен бөлім басшысы қызметін абыроймен атқарды.

2018 жылыдан бастап қазіргі таңға дейін «Отырар» медиахолдингін басқаруда. Іскерлігі мен жауапкершілігінің арқасында жас басшы биыл 7-ші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды.

Халықтың мұң-мұқтажын шешуде өзі басқарып отырған телеарнаның мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануда. Мәслихаттағы әлеуметтік- мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Әйгерім Әбдіохапқызы әріптестерімен бірге сайлаушылардың сенімін ақтауда еңбек етуде.