«Қазақстан халқына» қорына қаржы аударымдары жалғасуда

100

Қазақстандықтар «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорына 10,1 млн. теңге аударды.

Заңды тұлғалардан 12,36 млрд. теңге түскен. Таяуда құрылған қорға бірер күннің өзінде осынша сома жиналды. Халыққа тиесілі бұл қаражат ел ішіндегі әлеуметтік мәселелелерді шешу үшін жиналған.

Мұқтаж азаматтарды қолдау, дертке шалдыққан балаларды емдеу, ауылдағы талантты балаларды демеу, білім беру, мәдениет салаларындағы кемшіліктердің орны толтыруға жұмсалады. Қаза тапқан боздақтардың отбасыларына көмек беріліп, қалаларды қалыпқа келтіруге де осы қаржы демеу болмақ.

Қор басшылығы жұмсалған әр тиын үшін есеп беріп, барынша ашықтықты қамтамасыз етпек. Мемлекет басшысы атап өткендей, қорға елдегі табысы жоғары ірі бизнес пен ауқатты тұлғалар тұрақты аударым жасауы тиіс.

Шынар Оразова