«Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан берілген ақшаға салық салынбайды

58

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан берілген ақшаға салық салынбайды. Бұл туралы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов мәлімдеді.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Миятов «Қазақстан халқына» қорына аударылатын және одан берілетін ақшаға салық салу мәселесіне тоқталды: «Салық заңнамасы тұрғысынан қордан берілген қаражат қайтарымсыз алынған мүлік ретінде алушының табысы саналады. Осылайша, қазір Салық кодексінің нормалары қайта қаралады. Яғни, салықтан босату туралы өзгеріс енгізіледі».

Сондай-ақ, оның айтуынша, бизнес субъектілерді «Қазақстан халқына» қорына қаржы аударуға ынталандыру үшін Салық кодексіне түзетулер енгізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, қорға аударым жасағандарға салық салынатын кірісті азайту құқығын ұсыну көзделуде. Бұл аударымдардың мөлшері қазір талқыланып жатыр.

Шынар Оразова