Самат Әбіш ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды

75

Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетсек, бұған дейін 14 қаңтарда комитет Самат Әбіштің еңбек демалысында екенін мәлімдеген еді. «Келіп түскен сұрауларға сәйкес, ҚР ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш өз қызметінде екенін хабарлаймыз. Үстіміздегі жылғы 13 қаңтардан бастап ол жыл сайынғы демалысында» делінген еді сол кезде таратқан хабарламада.

Самат Сатыбалдыұлы Әбіш 1978 жылы 20 тамызда Алматы облысында дүниеге келген. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен РФ Сыртқы барлау қызметі академияларын бітірген.

2000-2006 жылдары – ҚР ҰҚК органдарында офицерлік құрамындағы қызметте болды. 2006-2008 жылдары — ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы.

2008-2010 жылдары — ҚР Әділет министрлігінің жауапты хатшысы. 2010-2013 жылдары — ҚР ҰҚК Кадрлар департаментінің бастығы, Астана бойынша департаментінің бастығы. 2013-2015 жылдары – ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары. Бүгінге дейінгі 2015 жылдың желтоқсан айынан бері атқарып келді.