Шымкент: Асыл тұқымды мал шаруашылығы дамуда

110

Шымкентте ауыл шаруашылығы саласына бюджеттен 1 млрд. 49 млн. теңге бөлінген. Қала көлемінде 70 мыңға жуық ірі қара бар.

Жауаптылардың сөзінше биылдан бастап асыл тұқымды ірі қараның аналығына жылына 70 мың теңге субсидия берілетін көрінеді. Егер сиыр аралас тұқымды болса 50 мың теңге, шаруа мал болса 30 мың теңге төленеді. Ал жылқыда әр сауын биеге 30 мың теңге, аналық қойдың әр басына 8 мың теңге субсидия беріледі.

Дегенмен, мұндай көмекке қол жеткізу үшін жылқы мен ірі қараның 50 бастан, қой 300 бастан кем болмауы тиіс.

Гүлдана Дәурен