Созақта асыл тұқымды мал өсіретін қор құрылды

455
Созақта «Соз–Агро» корпоративтік қоры құрылды

Созақ ауданында асыл тұқымды мал өсіру, бордақылау және мал өнімдерін өңдейтін кешен – «Соз-Агро» корпоративтік қоры құрылды. Осы мақсатта аудан әкімдігі және уран өндіретін француздық «Арева» компаниясы мен қазақ-француз «Катко» біріккен компаниясы ұзақ жылдар бойғы келіссөздерге қол қойды.

Созақта «Соз–Агро» корпоративтік қоры құрылды

Құрылтайшысы «Арева НС-Катко-Демеу» болып табылатын корпоративтік қор бизнестің әлеуметтік жауапкершілік аясында аудандағы ауыл шаруашылығы саласына 400 млн теңге инвестиция құйып отыр.

Созақта «Соз–Агро» корпоративтік қоры құрылды

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Әбубәкір Сахиұлының айтуынша, аталған корпоративке 300 бас асыл тұқымды сиыр мен 15 бас асыл тұқымды бұқа алынбақ. Бүгінде кешеннен мал өрісіне жер бөлінген.

Созақта «Соз–Агро» корпоративтік қоры құрылды

Іске асатын жобада мал басын алуға 50 млн теңге, кешен құрылысына 268 млн, ал ауыл шаруашылығына қажетті техникаларға 82 млн теңге қаржы жұмсалып, жалпы 50 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Сондай-ақ, «Соз-Агра» корпоративтік қоры алдағы уақытта Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғалымдарымен бірлесе отырып, аудан көлемінде ауыл шаруашылығын дамытуды көздеп отыр.