Шымкентте әйелді пышақтап өлтірген екі жігіт ұсталды

67

Шымкенттік полицейлер кісі өлтіру жайтын ашты
2022 жылдың 17-қаңтарында Абай ауданының Полиция басқармасына «1-мамыр» көшесі бойында орналасқан үйлердің бірінің пәтерінен қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы мәйіттің 1994 жылы туылған азаматша екенін анықтады. Мәйітті қарау кезінде пышақтан алынған жарақаттар анықталды.
Аталған жайт ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында 18 және 19 жастағы Түркістан облысының тұрғындары анықталып, ұсталды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта жайт бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.