Шымкент қаласы аумағында жедел жағдайды сауықтыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ төтенше жағдайдың салдарын жою жөнінде шаралар қабылдау мақсатында ағымдағы жылдың 19-қаңтарынан бастап «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу іс-шарасының екінші кезеңі өткізілуде.
Тәртіп сақшылары жеті күн ішінде 1634 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаған.
Атап айтқанда іс-шара барысында: ұсақ бұзақылық бойынша – 454 (ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы), қоғамдық орында мас күйде болу немесе спирттік ішімдік ішкен – 260 (ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы) азамат анықталған. ҚР тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру бойынша – 817 (ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы), шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған – 74 (ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы), шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін – 19 (ҚР ӘҚБтК 518-бабы бойынша), көлік құралын алкогольдік мас күйде басқарған – 10 (ҚР ӘҚБтК 608-бабы) тұлғаға хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері қоғамдық көмекшілермен бірлесіп іс-шара барысында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын атқарғанын атап өту керек.