Úı ANONS Шымкентте мас күйінде көлік құралын басқарған 10 жүргізуші жауапқа тартылды

Шымкентте мас күйінде көлік құралын басқарған 10 жүргізуші жауапқа тартылды

 

Шымкент қаласы аумағында жедел жағдайды сауықтыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ төтенше жағдайдың салдарын жою жөнінде шаралар қабылдау мақсатында ағымдағы жылдың 19-қаңтарынан бастап «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу іс-шарасының екінші кезеңі өткізілуде.

Тәртіп сақшылары жеті күн ішінде 1634 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаған.
Атап айтқанда іс-шара барысында: ұсақ бұзақылық бойынша – 454 (ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы), қоғамдық орында мас күйде болу немесе спирттік ішімдік ішкен – 260 (ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы) азамат анықталған. ҚР тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру бойынша – 817 (ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы), шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған – 74 (ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы), шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін – 19 (ҚР ӘҚБтК 518-бабы бойынша), көлік құралын алкогольдік мас күйде басқарған – 10 (ҚР ӘҚБтК 608-бабы) тұлғаға хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері қоғамдық көмекшілермен бірлесіп іс-шара барысында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын атқарғанын атап өту керек.