Үкімет отырысында Қазақстанда сұйытылған газ бағасы туралы айтылды. Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың сөзінше, сұйытылған газ нарығындағы жағдайды бақылауды қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылданған.
Нақты айтсақ, литрі үшін 50-75 теңге аралығында баға енгізілген. Мысалы Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында — 50 теңге, Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Түркістанда – 60, Ал Нұр-Сұлтан қаласында, Қарағанды Павлодарда сұйытылған газ 70 теңгеден сатылып жатыр.
Шынар Оразова