Алтын өндірісі екі есе артты

70

Елде тазартылған алтын өндірісі алты жыл ішінде екі есе өсті. Ресми мәліметтерге сүйенсек, былтыр оның көлемі 67 тоннаға жеткен. Бұл кен орындарындағы өндірістің ұлғаюымен байланысты.

Қазақстандағы ең ірі алтын өндіретін алаңдар: Васильковское, «Қызыл» жобасы және Варваринское хабы. Соңғы екеуінде былтыр өндіріс көлемі 3 пайызға артып, 600 мың унцияны құрады. Бұл шамамен 17 тонна алтынға тең. Бағалы металдың тазартылған түріне Ұлттық банк тарапынан сұраныс жоғары екенін айтып өту керек. Орталық банк алтын-валюта қорын толықтыруға қажет көлемнің 90 пайызын отандық өндірушілерден сатып алады. 2020 жылы ол 59 тонна құйма алтын болған.

қымбат металл

Еске салайық, егер отандық зауыттар қуатының жетіспеуі немесе техникалық мүмкіндіктеріне байланысты құнды металды қабылдаудан бас тартса, компаниялар оны шетке шығаруға құқылы.

Шынар Оразова