Интернеттің қолжетімсіздігі, орнатуға тыйым салынған газ плитасы — мұның бәрі Шымкенттегі фармакадемиясының жатақханасындағы проблемалар. Тіпті, халық қалаулылары ғимаратқа тексеріс жүргізіп, онда жиһаздың жоқ екендігін айтқанда, жатақхана қыметкері оны жасырып қойғанын айтты. Қалалық мәслихат депутаттары болашақ дәрігерлермен кездесіп, олардың қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын біліп қайтты.
«Кірген кезде мына жерде теледидар тұрса, студенттерінің өздерінің іс-шараларынан ролик болса, ол ойнап тұрса, кереует болса…».
«Диван бар!»
— Қай жақта?
«- Тығып қойған».
Жатақхананың кіреберісінде отыратын вахтер ғимаратта арнайы аралау болатынын күтпеген сияқты. Депутат Әйгерім Жұмақұлова студенттермен кездесу барысында олардың қандай жағдайда тұрып жатқанымен таныс болды. Белгілі болғаны, жатақханада еш қиындықсыз жақсы білім алу үшін тиісті жағдайлар жасалмаған. Мұнда интернетке қолжетімділіктің төмендігін айтпағанда, мұнда болашақ дәрігерлердің өмірі үшін аса қауіпті дүниелер де бар.
Оқу орнының басшылығы бірқатар кемшіліктің барын мойындайды. Тіпті оны жақын арада шешуге уәде беріп отыр. Ал халық қалаулысы берілген тапсырманың қаншалықты нақты орындалатынын білу мақсатында тағы да жатақханаға келетінін жеткізді.
Әйгерім Жұмақұлова, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты: «Көрген кемшіліктерді немесе артықшылықтарды айтып, оны жауапты адамдармен талқыладық. Және де кемшіліктер жақын арада жөнделеді деген үміттеміз. Және де оны қадағалауда ұстап тұратын боламыз».
Ал мынау енді басқа университеттің жатақханасы. Мұнда құрылыс жұмыстары енді ғана аяқталды. Жатақхана 280 орынға есептелген. Студенттер наурыз айында қоныс тойларын тойлап, осында жайғасатын болады.
Рабиға Қуатбаева, А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры: «Жатақхана 7 қабаттан тұрады, барлық стандартты талаптарға сай салынған. Барлық жерде бейнебақылау камерасы орнатылған. Мұның бәрі біздің студенттердің қауіпсіздігі үшін».
Депутат білім беру нысандарын аралауды жалғастыратын болады. Осы орайда, кез-келген қала тұрғыны өзін толғандырған мәселе бойынша халық қалаулысының қабылдауына жазыла алатындығын еске сала кетейік.
Ал қабылдау кестесін «Нұр Отан» парииясының сайтынан немесе депутаттың әлеуметтік желілеріндегі парақшалардан білуге болады (Әр айдың екінші және төртінші жұмасы сағат 17:00-ден 18:00-ге дейін. Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы №3, Абай ауданы әкімі аппаратының ғимараты).
Әлихан Файызханов