Көлік жөндеу орталығында спорт зал ашылды

83

Спорт балаларға бұрынғыдан да жақындай түсті. Шымкентте мемлекеттік бағдарлама аясында спорт әуесқойларын жан басына қаржыландыру бірнеше есеге өсті. Балалар әртүрлі спорт түрлерімен тегін айналыса алады, ол үшін мемлекет қаражат бөледі. Жеткіншектерді спорттың қай түріне тегін беріп, керемет нәтиже алуға болады?

Өміріндегі алғашқы аула төбелесінен кейін Айсұлтан Дастан жаттығуға кірісу туралы шешім қабылдады. Ата-анасы көп күттірмей, жан басына қаржыландыру мемлекеттік бағдарламасы аясында баланы таэквондо секциясына жіберген. Нәтижесі қазірдің өзінде көрініп тұр.

Айсұлтан ДАастан: «Мұнда мен техниканы үйрендім және енді қарсы тұра аламын. Менің сүйікті трюктерім бар, ал жаттықтырушылар бізге бәрін үйретеді».

Жаттығуға қызығатын жасөспірімдер үшін мұнда әртүрлі бөлімдер бар. Спорт басқармасының хабарлауынша, жан басына қаржыландыру бағдарламасы аясында ондаған мың адам қамтылған. Өтініштерді алты жастан 18 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары бере алады.

«Өткен жылы жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында 439 миллион теңге бөлініп, 12 мыңнан астам адам қамтылды. Ал биыл 14 мың адамды қамтымақпыз. Мемлекеттік бағдарлама бойынша жұмыс істеуге дайын кәсіпкерлерден 109 өтініш түскен. Бізде ата-аналар өтініш бере алатын 71 спорт түрі бар», дейді мамандар.

Ал, бұл бұрынғы техникалық қызмет көрсету орталығы. Бір кездері бұл ғимаратта көліктер жөнделетін. Ол кезде, мұнда кішкентай спортшыларды баскетбол мен волейболға үйретеді дегенді елестету қиын еді.

Мұнда аталған бағдарлама аясында жүзуді үйретеді. «Мадейра» сауықтыру орталығы, мемлекеттік бағдарламала бойынша 400-ге жуық баланы оқытуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда құжаттар мен бірге жүзу залы да қолданысқа дайын тұр.

Айта кетейік, мемлекеттік бағдарлама аясында баланы спорт секцияларына жіберу үшін EGOV сайтында өтініш беру қажет.

Мадина Мамыр