Отандық туризмге 564 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылды

237

2021 жылы  отандық туризмге 564 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Мәдениет және спорт министрлігінің сала бойынша кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты.

Карантин шектеулерін азайту аясында әуе рейстерімен келетін 74 елдің азаматтары үшін визасыз режим толықтай қалпына келтірілді. Шетелдік туристерді тіркеп, есепке алуға арналған «E-Qonaq» электронды жүйесі жасалды.

Жүйе туристік ағынды талдап, көші-қон бақылауын жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр. Мәселен, өткен жылдың 9 айында ішкі туристер саны 5 млн 200 мыңнан асты.

Шынар Оразова