Елімізде өткен тәулікте 627 адамнан короновирус инфекциясы анықталды. Оның 2-і Шымкентте, 3-і Түркістан облысында тіркелді.
Ел бойынша вирустан жазылып шыққандар саны 2400. Оның ішінде шымкенттіктер жоқ. Түркістан облысынан 13 адам ковидты жеңіп шықты. 21 ақпандағы жағдай бойынша елде 32 627 адам қауіпті індеттен емделіп жатыр. Оның 4423 стационарға жатқызылса, 28 204 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Сала жауаптыларының айтуынша, 251 адамның жағдайы ауыр, ал 100 пациенттің халі өте ауыр. 78 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 9 348 441 адамға жетті. 2-ші компонентін 8 932 551 адам салдырды. Ал Шымкентте 598 317 тұрғын екпе қабылдаған.
Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 585 049 адам алды. Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 047 190 , II компонентін 1 044 774 адам салдырған.
Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша Ақмолағ, Қостанай, Повлодар облысы сары белдеуде. Қызыл аймақта Алматы қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы тұр. Қалған өңірлердің барлығы жасал белдеуде.
Жанерке Хумар