Шымкент: 400-ден астам «Алтын белгіге» үміткер бар

108

Үшінші мегаполистегі білім беру ісінің деңгейі қандай және оны жақсарту үшін не істеу керек? Қаланың бас педагогы партия мүшелері мен мәжіліс депутаттары алдында есеп берді. Жанат Тәжиеваның сөзінше мәселелер аз емес десек те шымкенттік оқушылар қазір үлгерімі жағынан республика бойынша алдыңғы қатарда.

Техникалық мамандықтарға басымдық берілуі керек. Бұл — жыл басында мемлекет басшысы тарапынан берілген тапсырма. Шәкірттерге сапалы тәрбие беру, сол арқылы мұғалімдердің жұмысын жандандыра отырып, статусын көтеру. Міне, бұл білім беру саласын ілгерілетудің бірден бір жолы.

Білім беру жүйесінде олқылықтар бар дегенмен жеткен жетістіктер де аз емес. Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызының сөзінше, қазіргі таңда үш ауысымды мектептердің санын азайту мәселесі шешіліп жатыр.

Жанат Тәжиева, Шымкент қалалық білім басқармасы басшысы: «Біз білім сапасын арттыруға және өзекті деген мәселерді шешуге күш салып жатырмыз».

Парламент мәжілісінің депутаты Берік Бекжанов баяндамадан соң жұмыстардың үлкен қарқынмен жүргізіліп отырғанын тек онымен шектелуге болмайтынын атап өтті.

Берік Бекжанов, ҚР Мәжіліс депутаты: «Мамандық таңдау әр адамның өзінің құқы. Қандай азамат қандай мамандық таңдағысы келеді ол оның Конституцияда жазылған құқы. Дәл қазіргі жағдайда бұл жердегі негізгі мәселе – билік жалпы оқу процесін, жоғары білім беретін оқу орнын қалыптастыру үкіметтің тікелей негізгі міндеті болып табылады».

Бір сөзбен айтқанда, үшінші мегаполисте мемлекет басшысының білім беру саласына қатысты берілген тапсырмаларын орындау қарқыны жаман емес. Дегенмен халық қалаулылары бұл жұмыстардың әрі қарай да назарда болатынын атап өтті.