«Темір жолдың әр шақырымының иесі бар»: Шын ба?

182

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті кәсібі барысында теміржолдың қызметіне жүгінетін азаматтарды ашық диалогқа шақырады.

Халық арасында, «Қала ішіндегі темір жолдың әр шақырымының иесі бар. Олар сол шақырымдарда жүк алатын тұтынушыларға тариф белгілейді. Тарифтен бөлек, басқа да артық талаптар қояды» деген ақпарат бар, дейді сала мамандары.

Теміржол қызметкерлері тарапынан сондай фактілер орын алса, бізге шағымданыңыздар. Тексеру жүргізіп, теміржол иелерінің әрекетіне заңды баға береміз. Шара қолдану қажет болса, оны да көреміз дейді департаменттегілер.

Ернар Қоспаев, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары: «Тең бәсеке болуы керек. Бір жолмен 4-5 мекеме жүк алады. Біреуіне тарифті арзандау, біреуіне қымбат жасайды. Ол сататын өнімнің бағасына әсер етеді. Бұлай болмауы керек тең бәсекелестік болу шарт».

Шынар Оразова