Түркістан қаласының әлеуметтік инфрақұрылымының негізі қаланды

111

Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде қалыптастыру жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталып, әлеуметтік инфрақұрылымның негізі қаланды.

Бұл туралы Президент қабылдауында болған аймақ басшысы мәлім етті. Өмірзақ Шөкеевтің сөзінше өңірдегі құрылыс қарқыны 2020 жылмен салыстырғанда 4,1 пайызға артқан.

Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы аясында 315 жоба қаржыландырылды. Ал жалпы өңірлік өнім көлемі 4,7 пайызға көбейген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы жұмыстарға оң баға беріп, халықпен тығыз жұмыс істеуді күшейтуді тапсырды.

Шынар Оразова