Ел бойынша өткен тәулікте 54 адамнан короновирус инфекциясы анықталды. Оның 4-і Шымкенттік тұрғын болса, Түркістан облысынан індет жұқтырғандар анықталмады.
Ел бойынша вирустан жазылып шыққандар саны 958. Оның ішінде шымкенттіктер жоқ ал Түркістан облысынан 2 адам ковидтен жазылды. 15 наурыздағы жағдай бойынша елде 9 797 адам қауіпті індеттен емделіп жатыр. Оның 899-ы стационарға жатқызылса, 8 898 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Сала жауаптыларының айтуынша, 84 адамның жағдайы ауыр, ал 22 пациенттің халі өте ауыр. 15 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны
9 426 486 адамға жетті. 2-ші компонентін
9 078 226 адам салдырды. Ал Шымкентте
599 886 тұрғын екпе қабылдаған.
Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 588 717 адам алды. Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 047 309 , II компонентін 1 045 637 адам салдырған. Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша еліміздің барлық өңірі жасыл аймақта.
Жанерке Хумар