Úı ANONS Гүлмира Сатыбалды 747 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергелуде

Гүлмира Сатыбалды 747 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергелуде

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Телеграм-каналында хабарлады.

«Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығына, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде (747 млн теңге) бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», — делінген агенттік хабарламасында.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.