Өкілеттігі тоқтатылған 2 депутаттың орнына жаңа халық қалаулылары сайланды

140

Шымкентте екі депутат өкілеттігін тоқтатты. Қазіргі  «Аманат», бұрынғы «Нұр Отан»,  партиясынан  сайланған  Аслан Әлімбек пен «Ақ жол» партиясынан сайланған Тұран Әлімханұлы Әбжанов Шымкент қалалық мәслихаты депутаттары өз еркімен берген арыздары бойынша  депутаттық өкілеттіктерін тоқтатты.

Шымкент қалалық  мәслихатының кезекті 14-ші сессиясында олардың арыздары қанағаттандырылды. Босаған орындарға «Аманат» партиясынан  Қайрат Имашев , ал «Ақ жол » партиясынан  Жамалбек Асанұлы Жораев ұсынылды. Екі халық қалаулысына депутаттық  куәлік  пен төс белгісін қалалық сайлау комиссиясының төрағасы табыс етті.

сессияСессияда  Жамалбек Асанұлы Жоаревқа депутаттық куәлік пен төсбелгі табыс етілді

Шынар Оразова