Қала әкімі Мұрат Әйтенов, Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жеке мәселелері бойынша 150 ден астам қала тұрғынын қабылдады.
Іс шараға барлық басқарма басшылары қатысты. Қоғамдық қабылдауға келгендердің басым бөлігі тұрғын үй кезегі, аялдама мәселесі, қоғамдық көлік, жерін заңдастыру, жолды асфальттау, жарықтандыру тақырыптарын қозғады.
Қала басшысы, кездесу барысында айтылған өтініш пен шағым бойынша тиісті жұмыстар атқарылатын болады деді.
Иззат Миралиев