Ресейлік компаниялар өз кеңселерін Қазақстанға көшіруге мәжбүр. Ресей Федерациясының 76 азаматы біздің елімізде жеке кәсіп ашқан. Бизнес қыспағына түскен кәсіпкерлер Қазақстанды таңдауға бірнеше айқын себеп барын айтады. Пайымдауларынша, біздің елде көші-қон тәртібі қолайлы, бизнес жүргізуге жағдай жасалған, әрі экономика дамыған. Қазақстан Қытай және Ресеймен шекаралас, Каспий арқылы Еуропаға өнім жеткізуге болады. Өзге көрші елдер арасынан Қазақстанды таңдауымыздың себебі — бизнесті ары қарай жүргізуге бар мүмкіндіктер ,- дейді ресейлік кәсіпкерлер. Қазақстан аумағында көрші елдің азаматы басқаратын 162 заңды тұлға тіркелген.