Шымкенттік мұғалімнің еңбегі «Алтын кітапқа» енген

86

Шымкенттік мұғалім Ұлдархан Такибаеваның еңбегі Қазақстан педагогтерінің «Алтын кітабына» енді. Ұлағатты ұстаз сөйлеу фукнциясы бұзылған балаларға білім беретін №28 «Гауһар» балабақшасын 2014 жылдан бастап басқарып келеді.

Ұстаздық еңбек жолын тәрбиеші, педагог-психолог, әдіскер болып бастаған меңгерушіні әріптестері жаңашыл деп біледі. Ұрпақ алдындағы жауапкершілікті терең сезінетін меңгеруші Ұлдархан Ақжігітқызы ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тәрбиелеу мен оқытуда, арнайы түзеу жұмыстарын жүргізуде өз тәжірибесімен республика көлемінде бөлісіп отыр.

Бүгінге дейін 10 ғылыми мақала және бірнеше авторлық жұмыстары жарық көрген. Көп жылғы ұстаздық еткен еңбегі жоғары бағаланып «Білім беру ісінің үздігі» үшін, «Ұлағатты ұстаз», төсбелгілерімен және ҚР Білім және ғылым министрінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

 Мөлдір Ибадуллаева