Жаңадан үш облыс құрылады

120

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қос палатаның бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдау жасады.

Президент бұл жолғы Жолдауында жақын арада жүзеге асырылатын саяси реформалар мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.

Қазақстанда Президенттің жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметшілер мен басшылық лауазымдарына орналасуға заңмен тыйым салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында мәлім етті: «Мемлекет басшысы барлық азаматтар үшін мүмкіндіктер теңдігінің мызғымас кепілі болуға тиіс. Сондықтан Президенттің жақын туыстары үшін квазимемлекеттік сектордағы саяси мемлекеттік қызметшілер мен басшылар лауазымдарына орналасуға заңнамалық тыйым енгізілетін болады».

Мемлекет басшысы елдегі басқару жүйесі суперпрезиденттік формадан президенттік-парламенттік басқару жүйесіне ауысатынын мәлімдеді. Сонымен қатар ол, президенттің саяси партияны басқаруына және оған мүше болуына тыйым салуды ұсынды. Партияда Орталық сайлау комиссиясының, Есеп комитеті мен Конституциялық кеңес мүшелері болмауы қажет екенін де айтты. Әрі әкімдердің партия филиалдарын басқаруына заңмен тыйым салуды ұсынды. Сондай-ақ тіркеу рәсімдері де жеңілдейтінін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті: «Сенаттың бірқатар функцияларын қалыптасыруды қайта қарауды ұсынамын. Қазіргі таңда Жоғары Палата 49 депутаттан құралған. Әр өңірден 2 сенатордан және 15 -і президентпен тағайындалған сенаторлар. Президент кваотасын 15-тен 10 депутатқа дейін қысқартуды ұсынамын. Олардың бесеуі қазақстан халқы ассамблеясынан сайланатын болады. Төменгі Палата-мәжілісте олардың саны 9- дан 5 адамға қысқарады. Партияларды тіркеу рәсімдері айтарлықтай жеңілдетіледі. Тіркеу шегі төрт есе, Өңірлік өкілдіктердің ең аз саны үш есеге – 600-ден 200 адамға дейін азаяды. Партия құру үшін бастамашыл азаматтар тобының ең аз саны үштен бірге 1000-нан 700 адамға дейін, қысқарады».

Жолдауда айтылған тағы маңызды ұсыныс Парламент және Мәжіліс сайлауына қатысу тәртібін өзгерту турасында болды.

70%-ы пропорциональ, 30% мажоритар негізде құру. Сондай-ақ «Парламент республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылауды күшейтуі қажет. Осы орайда, Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құруды ұсынды.

Ел дамуының басты бағдар-құжаты саналатын жолдауда, елді елең еткізген жаңалықтардың бірі, Қазақстанда бой көтеретін тағы бірнеше облысқа қатысты болды.
Абай, Семей, Ұлытау облыстары  құрылады. Семей қаласы облыс орталығы болады. Жезқазған облыс орталығы болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында, Қапшағай қаласына мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың есімін беру туралы да ұсыныс білдірді.

Шынар Оразова