«7-20-25» бағдарламасы бойынша кредит тек жаңа тұрғын үйді сатып алуға беріледі

73

 «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасының жоспарланған 466 миллиард теңге көлеміндегі қоры бар, деп хабарлады Қазақстанның тұрақтылық қорының баспасөз қызметі.

Ипотекалық бағдарлама 1 триллион теңге шегіне жеткенге дейін қолданыста болады.
18 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 триллион теңгенің 534 миллиард теңгесі берілген.
Еске сала кетсек, «7-20-25» бағдарламасы бойынша кредит тек жаңа тұрғын үйді сатып алуға беріледі. Ең көп ипотекалық займ Нұр-сұлтан қаласында берілді – 14 232, сомасы — 212,3 миллиард теңге. Алматыда 127,5 миллиард теңгеге 8 912 қарыз рәсімделген. Шымкентте – 33 миллиард теңге, 2 843 тұрғын ипотека алған.
Шынар Оразова