9 мың жалған доллар сатқан түркістандық ұсталды

66

Түркістанда жалған 9300 АҚШ долларын сатқан адам ұсталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

«Қылмыс жасаған азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабы 2-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмысты жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда», – делінген агенттік хабарламасында. Агенттік жалған банкноттар туралы +7 7172 708 478 сенім телефоны арқылы хабарлауды сұрайды.