Шымкент: Ірі көлемде жалған доллар жасау дерегі бойынша іс сотқа өтті

92
фото ҚазАқпарат

Шымкент қаласының қылмыстық соты жалған шетел валютасы мен психотроптық заттарды аса ірі көлемде өткізуге қатысты істі қарауда, деп хабарлайды Отырар Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Шымкент қаласы бойынша ҚМА аумақтық басқармасымен 9300 АҚШ доллары (100 долларлық банкнот) жалған ақша мен психотроптық заттарды аса ірі көлемде сату фактісі бойынша қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды.

Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда.