Елімізде өткен тәулікте 10 адамнан короновирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде Шымкент пен Түркістан облысынан вирус жұқтыру дерегі тіркелген жоқ.
Ел бойынша індеттен 16 адам жазылып шықты. Оның арасында Шымкент қаласы мен Түркістан облысынан ешкім жоқ. 19 сәуірдегі жағдай бойынша елде 1 794 адам қауіпті індеттен емделіп жатыр. Оның 125-і стационарға жатқызылса, 1 670 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Сала жауаптыларының айтуынша, 13 адамның жағдайы ауыр, 2 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 9 474 673 адамға жетті. 2-ші компонентін 9 218 283 адам салдырды. Республика бойынша 3 695 527 адам ревакцинация жасатты.
Ал Шымкентте 601 260 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполисте 591 301 адам алды. Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 046 866, II компонентін 1 045 991 адам салдырған.
Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша еліміздің барлық өңірі жасыл аймақта.
Жанерке Хумар