Биыл Түркістанда жаңа 100 аялдама орнатылады

119

Түркістанда биыл қалаішілік орталық көшелерге 100 аялдама павильоны орнатылады. Қазіргі таңда аялдамалардың эскиз жобасы әзірленуде. Сондай-ақ, ағымдағы жылы қоғамдық көлік бағытына 30 жаңа автобус қосылады. Бұл туралы брифингте Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков мәлімдеді.

Сондай-ақ, шаһар басшысы биыл 46,4 шақырымды құрайтын 40 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланғандығын айтты. Ал өткен жылы топырақ жолдардың санын азайтып, тас жолдарыдың саны мен сапасын арттыру мақсатында 158 шақырымды құрайтын 185 көшеге тас төселген.

Сонымен қатар, биыл 29,63 шақырымдық 26 көшеге аяқжол салу жоспарланып отыр.

Мөлдір Ибадуллаева