Еңбек нарығында техникалық мамандарға сұраныс жоғары

137

Бүгінде еңбек нарығында техникалық техникалық мамандарға сұраныс жоғары.

Техникалық , технологиялық және қызмет көрсету салалары бойынша мемлекеттік тапсырыстың үлесі 87 жарым пайызды құрайды. Бұл құрылыс, көлік, энергетика байланыс салалары мамандарына сұраныс жоғары деген сөз. Әсіресе, тұрғын үй, жол құрылысында еңбек ететін мамандар аса қажет. Осына ескерген жоғары және орта арнаулы оқу орындары қазірде сұранысқа ие техникалық мамандықтар бойынша кадрлар дайындауға көшкен,

Шахардың әкімшілік іскерлік орталығында құрылыс қарқын алған. Халық саны миллионнан асқан мегаполисте тұрғын үйлермен бірге әлеуметтік нысандар да қажет. Мамандардың айтуынша бүгінде жұмысшы күші аса тапшы. Әсіресе дәнекерлеуші, құрастырушы жалпы техникалық маман иелері. Айта кететін жәйт, ірі компаниялар құрылысқа жергілікті тұрғындарды тартуда.

 

Ия, еңбек нарығында құрылыс саласына мамандар ауадай қажет. Сондықтан соңғы жылдары жоғары және орта арнаулы оқу орындары сұранысқа ие техникалық мамандықтар бойынша кадрлар дайындауға көшкен. Бұны қалалық білім басқармасының басшысы растап отыр. Кадрларды даярлау өңірдегі кәсіпорындардың өтінімдерінің негізінде айқындалады.Сондай-ақ, 3 айлық курстарда техникалық мамандықтарды игеруіне жағдай жасалған.

Шымкент қаласында 32 колледжде 32 мың 816 студент білім алуда. 24 колледж техникалық, технологиялық және қызмет көрсету салалары бойынша кадрлар даярлаумен айналысады. Биылғы оқу жылын бітіретін 9-11 сынып оқушыларының 7 мыңнан астамы колледждерде оқуға ниет білдіріпті. Техникалық мамандықтарды таңдау бойынша мектеп түлектері мен олардың ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Тілек Исахметов, индустриалды-техникалық колледжінің директоры:» Ең бақытты адам ол жұмысы бар адам. 5 дипломы болып жұмыс таппай жүргендер қаншама. Бізде жол кіресіғ тамағы тегін. Стипендия береміз. Сұранысқа ие құрылысшылар, автослесарь, автоэлектрик, КИПИА, токарь сияқты мамандықтарды игеріп шығады.Біздің түлектердің 100 пайызы жұмыспен қамтылған».

Бітірушілерді жұмыспен қамту мақсатында 117 кәсіпорынмен 1 мыңнан астам келісім жасалып, оның аясында түлектер одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен тағылымдамадан өтеді. Бұдан бөлек қысқа мерзімді оқытуға жұмыспен қамту орталығынан 1 632 орын бөлінген.