Мақтаарал: 3 зауыт іске қосылып, 300-ге жуық адам жұмыспен қамтылады

84

Биыл Мақтаарал ауданында жалпы құны 3,6 млрд. теңгені құрайтын 3 жоба іске қосылмақ. Олар мақта талшығы мен бетон өнімдерін өндіру зауыты және құс фабрикасы.

Аталған кәсіпорындарда 267 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Бұл туралы Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов мәлімдеді.

Сондай-ақ биыл кәсіпкерлікті дамытуға арналған ұлттық жоба аясында аудандағы 40 отбасыға тиесілі жерлерге жылыжай ұйымдастыру жоспарлануда. Пилоттық жобаның нәтижесінде әр отбасыдан кемінде 2 жанды жұмыспен қамтып, жалпы 80 адамды еңбекке баулимыз деп отыр.

Мөлдір Ибадуллаева