Отандық мақта өзімізде өңделетін болады

60

Отандық мақта толық ел ішінде өңделмек. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша, жүн өңдейтін 3 фабрика салу жоспарда бар.

Сондай-ақ, жіп экспортын, мата экспортын 5 есеге дейін ұлғайту көзделіп отыр.  Бұл арқылы ішкі нарықта 5,5 млрд теңгеге импортты алмастыруға болады. Тіпті экспорт көлемін 10 млн АҚШ долларына дейін арттыруға мүмкіндік тумақ. Сонымен қатар ірі қара мал терілері бойынша тері өңдеу фабрикасын салынады. Себебі, бұған дейін 3 млн жуық терінің тек 400 мыңы ғана өңделіп, қалғаны қоқысқа кететін.

 

Қайырбек Өскенбаев  ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:»Отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары мемлекеттік тапсырысқа ғана арқа сүйейтінін байқадық. Оларды коммерциялық сегментке бағыттау қажет. Бұл мәселені шешу үшін көршілес елдердің жеңіл өнеркәсіп компанияларымен келіссөздер жүргізілді. Қазірдің өзінде кейбір ірі инвесторлар өз жобаларын елімізде іске асырып, Ресей Федерациясына экспортқа бағыттауға мүдделі болып отыр. 100 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады»

Сондай-ақ Қайырбек Өскенбаев өңірлерде  жергілікті тұрғындарды  жұмыс орнымен қамтитын 700-ден астам жоба жүзеге асырылатынын айтты. Министрлік облыс әкімдіктерімен бірлесіп, өңдеу өнеркәсібі салаларында инвестициялық жобалар пулын қалыптастырған.