Президент: «AMANAT» партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатамын

52

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгіннен бастап «AMANAT» партиясының төрағасы ретіндегі өкілеттілігін тоқтатты. Сондай-ақ ол, партия қатарынан шығатынын да мәлімдеді.

«Мен бұған дейін партия төрағасы лауазымынан босап, ұйым қатарынан шығатынымды айттым. Осы ұйғарымды жүзеге асыратын кез келді. Бүгіннен бастап AMANAT партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдадым. Бұл қадамның символдық мәні бар. Осы орайда Президент сайлауында маған сенім артып, қолдағандарыңыз үшін баршаңызға алғысымды айтқым келеді. сондай-ақ партия тізгінін сеніп тапсырғандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін», — деді Мемлекет басшысы.

Ел Президенті сонымен қатар, партия төрағалығына Ерлан Қошановты ұсынды. Осылайша, Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов AMANAT партиясының төрағасы болып сайланды. Айта кетейік, бүгін AMANAT партиясының съезі онлайн режимінде  өтті. Айтулы жиындағы тағы бір жаңалық, бүгін AMANAT және Adal партиялары бірікті. Аманат партиясының Шымкент қалалық филиалынан съезге делагат болып қатысқандар пікірлерімен бөлісті.

Ердәулет ЖҮНІСБЕК, AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Жастар қанатының» төрағасы:»Adal  партиясының біздің AMANAT партиясымен бірігуін қолдаймыз. Белсенділер қатары артады. Сонымен қатар,  мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың партия төрағалығынан шығуы  дұрыс шешім. Енді партияларға бірдей мүмкіндік беріледі деген ойдамын.

Шынар Оразова