Түркістан облысының тұрғыны үйінде есірткі жасырып, сатумен айналысқан

12

Түркістан облысының полицейлері үйінде есірткі жасырып, сатумен айналысқан бірнеше қылмысқа қатысы бар күдіктіні ұстады. Алдын ала жоспар бойынша күдіктіден 17 000 теңгеге есірткі сатып алынған.

Жүргізілген сараптама қорытындысымен сатып алынған жалпы салмағы 60 грамм есірткінің «кептірілген марихуана» екені расталды. Ұсталған күдікті бұрын сотты болған орта жастағы ер адам болып шықты. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 297-бабының 2-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша тіркелді. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 Гүлдана Дәурен