Түркістан: Волейбол командасы ел біріншілігінде чемпион атанды

45

Екібастұз қаласында 2005-2006 жылға жасөспірімдер арасында волейболдан ҚР-ның көктемгі чемпионаты өтті.

22-29 наурыз аралығында өткен қыздар арасындағы жарыста республика бойынша 9 команда бақ сынады. Аталған додада түркістандық волейбол командасы 1-орынды иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша Алматы облысы күміс жүлдеге ие болса, Павлодар облысының құрамасы 3-орынды місе тұтты.

                                                                               Гүлдана Дәурен